БЕКІТІЛДІ
Алматы облысы әкімінің орынбасары
_________________Ғ. Майлыбаев
2026 жылғы «___» ______________
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
6 |
«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ
Н.Т. Оқас (Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы) тел: 8 777 160 21 31
|
Ұйым қызметкері қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан жағдайда қайда жүгінуге болады? |
Мұндай жағдайларда азаматтар тиісті ұйымның басшылығына немесе құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органға шағымдануға құқылы. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өз құзыреті шегінде тіл туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қызмет көрсету саласында қазақ тілінде жауап бермеу фактісінің өзі барлық жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз бола бермейді. |
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті. Аталған Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тұтынушының назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізілуге тиіс. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда азаматтар тиісті ұйымның басшылығына наразылық білдіруге, сондай-ақ аталған Заңның 42-4-бабында белгіленген тәртіппен Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдануға құқылы. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өз құзыреті шегінде тіл заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.
|
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы. |
Мемлекеттік тілде қызмет көрсету; Екі тілде қызмет көрсету. |
Басқарма басшысы С. Беспаева
Орындаушы: Д.Кожухова
Тел: 8 777 482 82 67