Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Беспаева Салтанат Дауыспекқызы
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы
Общая информация, образование

Беспаева Салтанат Дауыспекқызы 1975 жылы 6 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылында дүниеге келген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002–2003 жылдары аталған білім беру ұйымында педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарған. 2003–2011 жылдар аралығында осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2011–2012 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры болған.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінде басшы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, кейін басшының орынбасары және басшының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2017–2021 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2021–2022 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болған.

2022–2025 жылдары Алматы облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2025 жылы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

 

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы