
10 қазан күні "Спорт - маңызды, Спорт - қажет" атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы он күндік таңғы жаттығудың төртінші күні өтті. Бүгінгі жаттығуды грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев өткізді.
Д. Жадраев жаттығу барысында қатысушыларға кәсіби кеңестер беріп, түрлі жаттығу әдістерін көрсетіп, командалық рухты нығайтуға ерекше көңіл бөлді. Оның тәжірибесі мен білімі қатысушыларға спорттық дағдыларын жақсартуға, сергектік пен ынтымақтастықты арттыруға көмектесті.