Ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту бөлімі Алматы облысы аумағында өз құзыреті шегінде цифрландыру және бизнес-процестерді автоматтандыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Бөлімнің міндеттері:
- цифрландырудың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу және дамыту;
- цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
Бөлім қызметі:
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен және "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен өзара іс-қимыл жасау;
- "Smart City" тұжырымдамасын іске асыру және көрсеткіштер бойынша жаңа бастамаларға қол жеткізу;
- "ақылды" қалалардың эталондық стандартына сәйкес цифрландыру жобаларын енгізу;
- Алматы облысында іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
- мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеу, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіру, осы бағыттағы Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
- әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса) және Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық жүйелерінің лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету параметрлерінің кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
- техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына ұсыну;
- ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді алу;
- "Электрондық үкіметтің"ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз ету;
- "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын бағыт бойынша Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға есептік ақпарат беру, тиімділікті бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жоспарларды әзірлеу және іс-шараларды іске асыру;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.