Мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын нығайту, этностар мен діни бірлестіктер өкілдерінің хабардарлығын арттыру болып табылатын "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту" жобасын іске асыру аясында "Тәубе" мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітов Талдықорған қаласының 3-ші бөлімшесі аумағында "Тәубе" мешітінде "Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастырудағы руханият және имандылық" тақырыбында жұма уағызын өткізді.