Жаңалық мемориалдық кешеніне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Жаңалық мемориалдық кешені – Жаңалық ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген жер. 1990 жылы бұл жерге тас белгі қойылса, 2002 жылы ескерткіш орнатылып, 2018 жылы ескерткіш жанынан музей салынды.
Ал осы жылы сол музей мен ескерткіш маңына «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу мерзімі қазан айының соңы.
Аудан әкімі Серікжан Ерекешев кеше сол жерге барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап қайтты. Мердігер компаниямен кездесіп, жұмысшылардың санын көбейтуді және сапалы орындауды тапсырды.