Аудан әкімі Айғаным және Ай Абылай ықшам аудандарының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Серікжан Ерекешев Қайнар ауылдық округін аралап жүріп, Айғаным және Ай Абылай ықшам аудандарына барды. Аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауыл мәселелерін талқылады.
Айта кетсек, ауылға автобус маршрутын кіргізу бойынша келесі жылға тиісті мекемелерге өтінім дайындалады. Жаңа мектеп құрылысына жоба дайын, келесі жылы қаражаттың бөлінуіне байланысты қарастырылады. Газ жүргізу инвесторлармен талқылануда. Су, жол мәселелері біртіндеп шешілуде. Серікжан Қазиұлы әсіресе бейітке баратын жолды жөндеуді келесі жылдың жоспарына енгізуді тапсырды.