ХАБАРЛАНДЫРУ! «QYZMET LIVE» ЖОБАСЫ!
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.
Осыған байланысты, аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Талғар ауданы әкімі аппараты басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес Талғар ауданы әкімдігі фейсбук парақшасында 2020 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 11.00-де көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы Талғар ауданының азаматтық хәл актілерін тіркеу қызметінің бас маманы Салпанова Нұрсұлу Тулеужановнаның қатысуымен тікелей эфир өтеді.
Бұл жоба қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға бағытталған.