Бүгін сегізінші шақырылған Талғар аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтті. Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу

Елді мекендердің шекараларын өзгерту

Кәмелетке толған адамдарға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау жөніндегі комиссия құрамын бекіту

Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту

Қоғамдық көліктегі тарифтерді келісу

Ауданның қорғаныс істері, мәдениет, спорт, ішкі саясат және құқық қорғау салаларында атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау