“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Акцияның басты мақсаты – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыру.
✅ Іс-шара барысында көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен өзен жағалаулары тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. ✅ Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында тұрғындар белсенді түрде атсалысуда.
Бұл бастама аудан тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін арттырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосуды көздейді. Алдағы уақытта да мұндай шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады.