2025 жыл 14 наурызда «Талғар ауданы әкімінің аппарат» ММ -сі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2024 жылғы есебі туралы жария талқылауын өткізді

2025 жыл 14 наурызда «Талғар ауданы әкімінің аппарат» ММ -сі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2024 жылғы есебі туралы жария талқылауын өткізді

2025 жыл 14 наурызда «Талғар ауданы әкімінің аппарат» ММ -сі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2024 жылғы есебі туралы жария талқылауын өткізді

 

Қазіргі таңда аудан бойынша 69 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оларды аудан әкімдігінің 20 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді, яғни аудан әкімінің аппараты, 8 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары.

2024 жылдың 12 айында 59538 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде қағаз түрінде – 1254,  (2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 48941, бұл 10,2% артық), оның ішінде жеке тұлға - 49122, заңды тұлға – 661).

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы және ақпараттық жүйелер арқылы баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 455 құрады, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 0,9% құрайды, 2024 жылдың дәл осы кезеңінде -3931- 8%.

Мемлекеттік корпорация филиалдары арқылы - 13452, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,4% құрайды (2023 жылдың 12 айында - 8719 – 17,8%).

Электрондық форматта 45911 қызмет ұсынылды (ЭҮП, Е-лицензиялау - 26620, ақпараттық жүйелер – 12351). 2024 жылы электрондық түрдегі қызметтер үлесі 76% құрады (2023 жылдың 12 айында – 73%), бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 3% -ға жоғары.

           Сонымен қатар, «Алатау Жұлдызы» газетінде 34 мақала жарияланды, 15 тікелей эфирлер, жеке парақшаларында 15 видеороликтер жарияланды, аудан әкімдігінің 8 бөлімі және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараты өздерінің жеке парақшаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жарияланымдар шығарылды. Аудандық Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша  4 - шара ұйымдастырып, мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша жеке тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізді. Алайда, нақты ұсынымдар болмады. Осы жылдағы шараларға мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартудағы орын алған кемшіліктерді жою керектігін, ауыл тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешілуін және арыз-шағымдарына уақытысында жауап берулеріне т.б мәселелер бойынша айрықша көңіл бөлу керектігі басты назарда болатыны ескеруіміз қажет.

       Сервистік әкімдікте мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі, халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер мен кеңес беруге,  көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта 2024 жылдың 12 айында 10 308 мемлекеттік қызмет  көрсетілген.