Кеше аудан әкімі Серікжан Ерекешев «Талғар-Алматы» тас жолында орналасқан үш округты аралап, ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Серікжан Қазиұлы Бесағаш әкімшілігімен танысып, жаңа әкімдік ғимараты, ауылдық амбулатория және тірек пункті салынатын жер телімін қарап шықты. Сонымен бірге жаңа басшы «Бурабай» коттедж қалашығында лай көшкіннен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап қайтты. Ауылдағы ескі мәдениет үйін аралап шыққан аудан басшысы бұл жерге күрделі жөндеу емес жаңа ғимарат салу туралы ұсыныс тастайтынын мәлімдеді.
Тұздыбастау ауылында аудан әкімі әкімшілік ғимаратының, мәдениет үйінің және ауылдық амбулаторияның жұмысымен танысты. Ал, Белбұлақ округінде Серікжан Ерекешев ауылдың ескі мектебін аралап, округ әкімшілігі мен учаскелік полиция тірек пунктінің жұмыстарымен танысты.