
ХАБАРЛАНДЫРУ
Талғар ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарының назарына!
2025 жылдың 24 ақпаннан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша 5% мөлшерлемемен 200 млрд. теңге сомасына өтінімдер қабылдауды бастады.
«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша қаржыландыру шарттары:
- мөлшерлеме жылдық 5%,
- мерзімі – 7 жылдан аспайды,
бірінші лизингтік төлем –кемінде 10%.
«Бұл бастама фермерлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. «Қолжетімді қаржыландыру - бұл ауыл секторының өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы. Лизинг бағдарламасы аграрлықтардың техниканы тиімді жаңартуына мүмкіндік береді, нәтижесінде жалпы өндіріс деңгейі айтарлықтай өспек!
Өтінімдер қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-де, https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесі бойынша Telegram-ботта басталды.
Клиент өтінім берген соң 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.
Бағдарлама жөнінде толық ақпаратты «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның www.kaf.kz ресми сайтынан біле аласыздар.
Сонымен қатар, кеңес беруші «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Алматы облысы, Талғар қ., Қонаев даңғылы, 65. Анықтама үшін тел: +77478914271