
Мәлімет үшін!
2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді (есептерді) ҮЕҰ Дерекқорына тапсыруы керек.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» №142 Заңының 41 бабының 5 тармағы негізінде жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе Акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық есептілік нысанын уақытылы толтырып өткізу керек.
Осы орайда, мәліметтерді тапсыру үшін infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанында (Электронды цифрлық қолтаңба арқылы), интернетпен тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін пошта немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) ұсына алады. Мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
Қосымша ақпараттар алу үшін Талғар ауданы әкімдігінің 5 қабат 506 кабинетінен ақпарат алуға болады.