
Ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін алынған несиеге кепілдік
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге көбінесе егін егу, жинау жұмыстарына ақша қажет. Оларға «Даму» Қорының «Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларға кепілдік беру» бағдарламасы көмектеседі. Бұл қаржы алуды жеңілдетіп, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етпек.
📌 Бағдарлама шарттары:
✔ Максимал сома – 1,5 млрд теңгеге дейін
✔ Кепілдік мөлшері – несие сомасының 85%
✔ Мақсаты – көктемгі егіс және / немесе егін жинау кезінде айналым қаражатын толықтыруға
АӨК кепіл беру бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты Қордың damu.kz сайтында алуға болады.
Анықтама үшін байланыс орталығы: 1408 немесе Қонаев қаласы., 1 ықшам ауданы 14 Б ғимарат мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.