
Конкурс туралы хабарландыру
«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Д.Қонаев көшесі 65, 408 кабинет БСН:101240010295, почта: saltub@mail.ru, жауапты маман Қайратқызы Гүлім
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Талғар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға 100 баланы (3 жастан) қабылдауға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурсқа қатысушылар 2025 жылдың 10 ақпанынан 12 ақпанға дейін Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Д.Қонаев көшесі №65, мекен-жайында орналасқан білім бөлімінің 4 қабатына 408 кабинетке толық құжаттар тізбесі, жабық конвертте әкеліп тапсырылады. 2025 жылдың 13 ақпан күні конкурсттық құжаттар ашылады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурстарында жарияланады.