Алқа мәжілісі өтті
03.02.2025 жылы әкімі Танат Есенкелдіұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте 2024 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылға арналған негізгі жоспарлар талқыланды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым басшылары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде:
🔹 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары;
🔹 2025 жылға арналған негізгі жоспарлар;
🔹 Ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салалар бойынша атқарылған жұмыстар;
🔹 Әдеп кодексінің сақталуы бойынша есептер тыңдалды.
Аудан әкімі жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.