ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ Лесханов Едгар Лесханұлы Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ Лесханов Едгар Лесханұлы Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
Лесханов Едгар Лесханұлы Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
🔹 Едгар Лесханұлы 1977 жылы 19 мамырда бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылында дүниеге келген. Ол салық саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
💼 Жұмыс тәжірибесі:
• Алматы қаласы Бостандық ауданы салық комитетінде жетекші салық инспекторы;
• Әуезов ауданы, Қарасай ауданы салық басқармаларында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған;
• Райымбек, Ескелді, Еңбекшіқазақ аудандарындағы мемлекеттік кірістер басқармасында басшылық қызметтерде болған;
• Соңғы жылдары Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
🔹 Едгар Лесханұлының салық және қаржы саласындағы мол тәжірибесі ауданның экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.
✅ Қызметіңізге сәттілік және табысты еңбек тілейміз!