Талғар ауданында мемлекеттік рәміздер бойынша семинар-тренинг өтті

Талғар ауданында мемлекеттік рәміздер бойынша семинар-тренинг өтті
Талғар ауданында мемлекеттік рәміздер бойынша семинар-тренинг өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Аргеновна Гүлдана Маликовна Талғар ауданында іс-сапармен болды.
🔹 Жиында Талғар және Еңбекшіқазақ ауданының мемлекеттік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлер Мемлекеттік Рәміздерге қатысты сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, маңызды ақпараттарға қанықты.
Мемлекеттік Рәміздер – еліміздің Тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Оларды құрметтеу – әр азаматтың міндеті.