Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға көмек көрсету мәселесі талқыланды
Бүгін, 21 қаңтар күні, Талғар ауданы әкімдігінде қылмыстық жазаны орындаушы мекемелердің қызметіне жәрдемдесу және қылмыстық жаза өтеген азаматтарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары, кеңесші органның төрағасы А.Бидаев ашып, кеңес мүшелерін ағымдағы жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету және қоғамдық жұмысқа тарту бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы талқыланды.
Кеңес отырысында қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік бейімделу мәселесінде жергілікті биліктің міндеттері мен жоспарлары нақтыланды