Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары өзгертілді

Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары өзгертілді
Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары өзгертілді
 
🔹 Талғар аудандық мәслихаты мен аудан әкімдігінің бірлескен шешімі және қаулысына сәйкес, бірқатар елді мекендердің шекараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл өзгерістер Талғар ауданының ауылдық округтерінің инфрақұрылымын жақсартуға, аумақты тиімді басқаруға және халыққа қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған.
Жаңартылған шекараларға сәйкес:
✅ Байбұлақ ауылының шекарасы – 212,8998 гектар;
✅ Бесағаш ауылының шекарасы – 1328,5466 гектар;
✅ Кеңдала ауылының шекарасы – 557,1496 гектар;
✅ Ақтас ауылының шекарасы – 285,3616 гектар;
✅ Жібек жолы ауылының шекарасы – 810,0776 гектар;
✅ Тұздыбастау ауылының шекарасы – 1648,1629 гектар болып белгіленді.
🔹 Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ануар Жанболатұлы Аскербековке жүктелді.
🔗 Бұл өзгерістер әділет органдарында тіркеліп, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін заңды күшіне енеді.