Аудан әкімі Талғар қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Аудан әкімі Талғар қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты
Аудан әкімі Талғар қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты
Кеше аудан басшысы Серікжан Ерекешев Талғар қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларында жасалынып жатқан абаттандыру жұмыстарының барысын бақылап, “Жұмыспен қамту жол картасы 2020” бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан көшелерді жөндеу, арықтарды жүргізу жұмыстарымен танысты.
Сонымен бірге Серікжан Қазиұлы 1200 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын бақылап, “Бірлік-Ақбұлақ” айналма жолына да барды.