Бүгін Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан прокуратурасы, полициясы және әкімдігі арасындағы бірлескен жұмыс мәселелері бойынша «ПРОФИЛАКТИКА 365» бағдарламасы аясында талқылау өтті.
Аталған профилактикалық шаралар аясында қауіпсіздікті күшейту, рейдтер ұйымдастыру, үйлерді аралау, сондай-ақ білім беру мекемелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Жиын барысында нақты жұмыс жоспары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының белсенділігі арта түспек.
Бұл шаралар Талғар ауданы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту мақсатында өткізіледі.