
Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы көпбалалы аналарды қабылдап, баспана мәселелерін талқылады. Кездесуде кезекте тұрған баспаналардың берілу мерзімі мен құрылыс жұмыстарының аяқталу деңгейі басты назарда болды. Әкім әрбір сұраққа нақты жауап беріп, аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.