Қарулы деп – ақпараттандырылғанды айтады

Қарулы деп – ақпараттандырылғанды айтады

Адамдар көп шоғырланған объектілеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары өте жоғары, ал Талғар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің оларға қарым-қатынасы қатаң және мұқият, әрқашан бақылауда. «Бірынғай өрт қауіпсіздік сағаты» акциясы барысында Талғар қаласының ЛЭД экранында, сондай-ақ «Киноман Талғар» кинотеатрында және «Технодом» сауда кешеңіндегі теледидарларында азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.

Адамдар көп шоғырланған объектілерінде эвакуация жолдарына, адамдар көп шоғырланған объектілерінің жүктелуі мүмкіндігіне,  сондай-ақ эвакуациялық жолдарды жабылуына ерекше назар аударылады, ғимараттардың жобалау құжаттамасына сәйкес өртке қарсы нормаларды сақтау ұсынылды, талап етілетін алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны  болуы, өрт дабылы мен автоматика, өртке қарсы сумен жабдықтау ұсынылды. Сондай-ақ, адамдар көп шоғырланған объектілерінің персоналдың дағдылары мен іс-қимылдарын пысықтауына назар аударылды, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қолдану. Сонымен қатар, адамдар көп шоғырланған нысандарына темекі шегу және алкоголь өнімдерін тұтыну қатаң тыйым салынады. Электр желісін шамадан тыс жүктемеу және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмау, тек жарамды электр құралдарын пайдалану ұсынылады. Электр қыздырғыш астында аспаптарды (электр плиталары, үтіктер, шәйнектер) жанбайтын және жылу өткізбейтін тіректер орнату қажет. Ақау табылған кезде розеткалар, ажыратқыштар, шамдардың ақаулары жойылғанша оларды токтан ажырату керек. Зертханаларда, сақтау қоймаларында тез жанатын сұйықтықтар және жану сұйықтықтарға жататын медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттарды сақтау кезінде сақ болыңыз . Өрт шыққан жағдайда дереу өртке қарсы қызметті шақырыңыз 101 немесе 112 телефондары.

 

         Алматы облысы ТЖД Баспасөз қызметі