Тұрғын үйлерде профилактикалық аралаулар өткізілуде

Тұрғын үйлерде профилактикалық аралаулар өткізілуде

Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен жылыту маусымын алдында әлеуметтік осал топтарының үйлерінде аралау жұмыстары өткізілуде.

Аралау барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылады.

Жақындап келе жатқан жылыту кезеңінің қарсаңында әлеуметтік осал санатына және қолайсыз жатқызылған отбасыларға  улы газды анықтайтын датчиктер және  түтін анықтағыштары орнатылуда. Сонымен қатар, «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» атты акциясы өткізілді, акция барысында 5 көпбалалы отбасыларына улы газды анықтайтын датчиктер өткізілді.

Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі алдын алу іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады, бірақ, өкінішке орай, адамдар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемей, өз өмірлерін ғана емес, айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді.

Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз, тұрмыстық және басқа техниканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтаңыз, электр сымдарының оқшаулағышы зақымданған аспаптарды пайдаланбаңыз.

Өрт шыққан жағдайда бұл туралы "101" немесе "112"телефонына дереу хабарлаңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі