
«Жасыл экономика» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын бірегей жобаның жалпы құны- 32 млрд.теңге.
Кәсіпорын алдағы уақытта құрылыс қалдықтарын сұрыптайды және қайта өңдейтін болады. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды, темірбетон бұйымдарын жағу арқылы сағатына 16 мегаватт электр қуатын өндіреді. Жауаптылар, зауыт 2025 жылдың соңында іске қосылады деп айтуда.
«Мұндай ірі жобалар үшін мемлекет тарапынан жеңілдіктер көзделген. Мәселен, 3 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға дейіннесие беріледі. Онымен қоса, құрылыс жұмыстары жүргізілген кезеңде екі жылға дейін каникул кезі қарастырылған. Зауытта қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдей отырып, биогаз алынатын болады. Артынша биогазды электр энергиясының көзіне айналдыру көзделген»,-дейді ҚР ЭТРМ департамент директорының орынбасары Руслан Төкенов.
Елімізде қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу деңгейі шекті межеге жетпей тұр. Былтыр республикада 4 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдықтар шыққан екен, оның 1 миллионы ғана өңделген.