
Алматы облысы халықты тұрғын үймен қамтуда республикада 3-ші орында
Баспана бабы мен қамы кез келген ел мен жердің басты мәселесі. Биылдың өзінде күрделі мәселенің күрмеуін шешу үшін аймақта 901,9 сың шаршы метр тұрғын үй қолдасықа өтеді деп жоспарланған.
Бүгінгі күні аталған меженің 65 пайызы орындалып, 589,0 мың шаршы метр ел игілігіне берілген. Жауаптылар, облыс тұрғын үймен халықты қамтамасыз ету ісінде республика бойынша 3-ші орында екенін алға тартуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 20,7 млрд. теңгеге 1304 пәтерді сатып алу көзделген. Нәтижесінде, биыл барлығы 2 922 баспана кілті тапсырылап, қоныс тойы тойланады.
Елдің әлеуетін жақсартуға бағытталған кешенді шщаралардың бірі – жұмыспен қамту. Жыл басынан бері Алматы облысында 24398 жұмыс орны ашылды, оның 15745-і тұрақты жұмыс орны ретінде құрылды.
Аймақтағы жұмыссыз халықтың саны 34,8 мың адамды құраса, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ы көрсетуде. Негізінде, «Enbek.kz» порталында 13,5 мың бос жұмыс орны тіркелген.