
Нұра ауылында 12-нші орта мектебінің ғимаратын сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған болатын. Кестеде бекітілген уақыттан кешігуіне байланысты ауыл тұрғындары арасында сұрақтар туындады. Мәселені шешу үшін күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп орнына Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков өзі барды.
Жергілікті билік өкілдері, мердігер және ауыл тұрғындарымен бірегей кездесу өтті. Толықтай түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жұмысты жалғастыру және қысқа мерзімде аяқтау жөнінде өзара келісім жасалды.