Заманымыздың қаһарманы: Ботан Серікжан Сембайұлы кішкентай баланың өмірін сақтап қалды!

Заманымыздың қаһарманы: Ботан Серікжан Сембайұлы кішкентай баланың өмірін сақтап қалды!

Заманымыздың қаһарманы: Ботан Серікжан Сембайұлы кішкентай баланың өмірін сақтап қалды! Кешегі күн ел тұрғындарының есінде ұзақ сақталады.

Ботан Серікжан Сембайұлы адам сенгісіз ерлік пен батылдық танытып, қауіпті жағдайға тап болған кішкентай баланың өмірін сақтап қалды.

«Ержүрек адамға осындай ерлік істе қиындық жоқ», – деді аудан басшысы Танат Айдарбеков батырға арнап.

«Баға жетпес адамгершілік қасиеттеріңіз үшін және баланы аман алып қалғаныңыз үшін алғыс айтамын, сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және бейбіт өмір тілеймін!

Аудан басшысы Ботан Серікжанның ерен ерлігі үшін Талғар ауданы жұртының атынан шексіз алғысын білдірді. Ерлігі бағаланып, оған Талғар ауданы әкімінің Алғыс хаты мен соңғы үлгідегі iPad смартфоны табыс етілді.

«Осы нағыз ер азаматтың әрекеті елеусіз қалмауы тиіс», - деді Танат Айдарбеков.

Судың қауіпсіздігі әркімнің жауапкершілігі екенін ескерген жөн! Күн сайын Алматы облысының су қоймаларында профилактикалық рейдтер жүргізілуде, оған жеке құрамның 66 адамы мен жүзу құралдарының 11 бірлігі қатысуда. Күндізгі іс-шаралармен қатар түнгі уақытта шомылу сияқты судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау үшін дауыс зорайтқышы бар дрон мен тепловизор арқылы түнгі рейдтер де жүргізіледі.

Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.