Алматы облысында «Қажымұқан жолы» атты жарыс өтті

Алматы облысында «Қажымұқан жолы» атты жарыс өтті

Спорттық іс-шараны «Қазақстандық спортшылар одағы» ұйымдастырды.

Жарысқа облыстың әртүрлі аудандары мен Қонаев қаласының спорттық дайындығы бар, салмағы 90 келіден асатын жасөспірімдер мен ересектер санатынан Алматы облысының тоғыз мықты батыры қатысты. Ең жасы үлкен қатысушы, 65 жастағы Артықбай Қазақов өзінің төзімділігі мен шеберлігімен көрермендерді таң қалдырды.

Бұл жарыстар салауатты өмір салтын насихаттауға, ежелгі ұлттық дәстүрлерді сақтауға және Ұлы Дала батырларын ұлықтауға бағытталған.

«Бұл турнирдің бүгінгі жаңғыруы өте маңызды. Ол Балуан Шолақ пен Қажымұқан сияқты ұлы ата-бабаларымыздың дәстүрлерін жалғастыруда. Мұндай жарыстар еліміздің жастарын спортпен шұғылдануға шабыттандыру, әр аймақтың спорттық мәдениетін көрсету және рухани күшке тәрбиелеу үшін қажет. Бұл турнирден қазақстандық спорттың болашақ аңыздары, тарихта өз ізін қалдыратын ұлы ата – бабаларымыздың лайықты ізбасарлары шығатынына сенімдімін», - деді Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков.

Бұл ұлттық жоба Қазақстанда 2021 жылы іске қосылды. Турнирді ұйымдастырушы, күш жаттығулары бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульниковтың айтуынша, жарыс физикалық денсаулықты нығайтып қана қоймай, мәдени-тарихи мұраны жалғастыруға арналған.

«Басты мақсат – Қажымұқан Мұнайтпасов бастаған жолды жалғастыру және жастарды белсенді өмір салтына тарту. Қажымұқан Мұнайтпасов әлемге қазақ халқының күші мен рухын көрсетті. Бұл турнирдің тарихи маңыздылығы-қатысушылар аты аңызға айналған отандасымыздың спорттық мамнсабындағы жүріп өткен жолды қайталайды», – деп атап өтті Цырульников.
Жарыс Қонаев қаласының орталық алаңында өтті. Қатысушылар бірнеше сайыстар бойынша бақ сынасты, соның ішінде ауыр сөмкелерді жылдамдыққа көтеру, үстел үстіне тасты орнату, темірді майыстыру, бөренелерді көтеріп, күресті.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атағын және бас жүлдені – «Қажымұқан жолы» белдеуін спорт шебері, армрестлингтен Азия және Еуропа чемпионы Евгений Инкин жеңіп алды. Ол біздің облысты келесі жылы Астанада өтетін республикалық кезеңде таныстырады. Екінші орынды Еламан Жүніс, үшінші орынды Бауыржан Әбдірайым иеленді.