Улы газ анықтағыштармен қалай қолдану керек.

Улы газ анықтағыштармен қалай қолдану керек.

Жергілікті атқарушы органдарымен жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке тұрғын үйлерінде улы газды анықтау датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! Егер сіздің үйде датчиктер болған жағдайда, батареяның отыруы себебінен датчиктердің іске қосылу жағдайлары болса, мұндай жағдайларда орнатылған датчикті алып, батареяны жаңасына ауыстыру қажет. Батареяны ауыстыру міндетті түрде жүргізілуі керек, себебі бұл, аталған үйлердің тұрғындарын улы газбен уланудың алдын алу үшін қажет. Датчиктік батареясынан іске қосылғанын қалай ажыратуға болады, батареясы отырған кезде, датчик үзілістермен сигнал шығарады, яғни, дыбыс, содан кейін пауза, дыбыс, пауза. Ал датчикті улы газдан іске қосылған жағдайда, үздіксіз сигнал жүреді. Мұндай жағдайларда датчиктер орнатылған үйлердің тұрғындары датчиктер іске қосылған жағдайда өртке қарсы қызметке хабарлауы және 101/112 нөміріне қоңырау шалу қажет, үй-жайды желдету үшін барлық терезелерді дереу ашуы, отбасының барлық мүшелеріне жылы киім кию, үй-жайдан шығып, өртке қарсы қызмет қызметкерлерін күтуі қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздыр! Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздыр!

Талғар ауданының ТЖБ