Талғар ауданының тұрғындары! Жаз жакындап келеді, шомылу маусымы басталуда! Сіздерге ескереміз! Суда абай болыңыздар!
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыныздар және есте сақтаңыздар:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқарушылары бар жерлерде шомылыңыздар;
- жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылманыздар;
- жағадан алыс қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- су жағасындағы балаларды қараусыз қалдырманыздар;
- түнгі уақытта және мас күйлерінізде суға шомылмаңыздар;
- қайықтан, көпірден суға секірменіздер.
Талғар ауданының ТЖБ