Талғар ауданында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу өткізілді

Талғар ауданында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу өткізілді

«1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнін» мерекелеуге орай Талғар ауданының ТЖБ және Талғар қаласының МӨСБ-2 қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және волонтер-аниматорларды тарта отырып, Талғар ауданының Орталық саябағында  кең ауқымды іс-шаралар өткізілді, өрт сөндіру машинасының макеті қолдана отырып экскурсия және магниттер мен өрт сөндіру жөніндегі жадынамаларды тарата отырып «Ашық қабылдау» өткізілді. Іс-шаралар өткізу кезінде «Қауіпсіз балалық шақ», «Балалардың отпен ойнауы», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз», «Сіздің періштеңізде қанаттар жоқ», «Қауіпсіз демалыс», «Ересектерсіз балалар шомылмасын» тақырыпты мәселелер ашылды. Қайырымдылық концерті, қойылымдар өткізілді, аниматорлармен өрт қауіпсіздік бойынша конкурстар, балалармен ойындар өткізілді.

Бұл мереке өткізілуіне байланысты мемлекеттік саясаттың жалғасы болып болашақ ұрпақ үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізу басты тапсырыс ретінде ерекше орын алады. Осыған байланысты, Талғар ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар жарақатының алдын алуға бағытталған іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Балалардың мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып табылады және еліміздің мемлекеттік саясатының бағыттары біз ұстанамыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі