Талғар орталық ауруханасындағы жағдай бойынша

Талғар орталық ауруханасындағы жағдай бойынша
Талғар орталық ауруханасындағы жағдай бойынша
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ахмет Әшімахұнұлы басқарған жұмыс тобы орталық ауруханаға барып, жағдайды бақылап қайтты.
Қазіргі таңда аудан бойынша ковид жұқтырған 37 адам және симптомсыз 288 адам тіркелген (оның 97-сі үй карантинінде).
Ауруханада пневмониямен станционарлық ем алып жатқан науқас саны - 127 адам (оның 6-ы аппаратқа қосылған).
Аудан бойынша 14 ивл аппараты бар. Оның үшеуі перзентхана, үшеуі хирургия бөлімі және 2-і Панфилов ауылының амбулаториясында. Қалған 6-ы осы аудандық аурухананың реанимациясында.
Эпидемологиялық жағдайға байланысты ауруханаға келушілер саны күн санап өсуде. Сол себепті тұрғындардан эпидемологиялық жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз.
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті барлығына көрсетеді. Жағдай бақылауда...