Талғар ауданында «Өрт-2024» республикалық командылық штабтық оқу-жаттығу өткізілді

Талғар ауданында «Өрт-2024» республикалық командылық штабтық оқу-жаттығу өткізілді

 

Таулы және орман өрттерін сөндіруде мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында, 15.05.2024 жылы Талғар ауданы әкімінің орынбасары О. Каспакбаевтың, сондай-ақ Іле Алатау мемлекеттік табиғи паркінің және Алматы қорығы қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция органдарының, Лидер.kz волонтерлердің қатысуымен Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қ. 2-МӨСБ, жедел медициналық жәрдем, Қазақтелеком, Талғар ауданының Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман алқабындағы өртті жою бойынша мүдделі органдар жұмылдыруымен "Өрт-2024" РКШЖ және оқу-жаттығу өткізілді. 

 

Оқу-жаттығуға 16 бірлік техника мен 120 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, ат патрулі болды. Шартты өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес тау орманындағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар мен алгоритмдер пысықталды, от тұзағында қалған адамды құтқару пысықталды, сондай-ақ шартты өрт ошағының айналасындағы аумақты жырту жүргізілді.

 

Талғар ауданының ТЖБ