Аудан әкімі Талғар қаласындағы көпқабатты үйлердің құрылыс барысын тексерді
Бүгін Жолан Омаров Талғар қаласындағы 4 жаңа тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқталуы тиіс екенін мәлімдеп, осыған байланысты мердігер ұйымның басшылығына тиісті тапсырмалар берді.
Талғар қаласында 6 көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Оның үшеуі - арендалық, үшеуі - кредиттік. Олар келесі айда пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.