Кеше Жолан Омаров Талғар қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша жасалынып жатқан жұмыстардың барысын бақылап қайтты.
“Автобаза” және “Ипотечный” ықшам аудандарына ат басын бұрған аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, мердігер компаниялармен аулалардың жобасын талқылады.