Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2024 жылдың 12 мен 19 ақпан аралығында «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі:

1) бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша қолда бар ұсыныстар болған жағдайда сіз бөлім басшысы Ауелбаев Жандос Касенкановичтің телефон нөміріне 8 778 777 05 81 хабараса аласыз.