Аудан әкімі Талғар қаласындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді

Аудан әкімі Талғар қаласындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді
Аудан әкімі Талғар қаласындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді
Жолан Омаров тексеру барысында жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті.
Қазіргі таңда ауданда автожолдарды жөндеуге байланысты «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, осы бағдарлама шеңберінде Талғар қаласының Райымбек батыр, Нұртазин, Жастар, Асфендияров, Нахимов, Тұяқбаев көшелерінің жолдары жөнделуде.
Одан өзге, осы бағдарлама аясында ауданымызда барлығы 6 млрд 368 млн теңгеге 46 инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады.