
Тыңдауға «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Қ.Әскеев, Талғар ауданы әкімінің орынбасары А.Әскербеков, «Табрис» ЖШС директоры Б.Сұлтан және саяжай учаскелерінің тұрғындары қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында тұрғындар бұған дейінгі тыңдауларда айтылған бірқатар ескертулерге қатысты қала құрылысы құжатындағы жетілдірулермен танысты.