
Жиынға мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 5 сұрақ қаралды:
1. Талғар ауданының 2024 жылға арналған бюджетін бекіту туралы.
2. Талғар қаласы мен ауылдық округтердің 2024 жылға арналған бюджетін бекіту туралы.
3. Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссияның мүшелерін сайлау туралы.
4. Талғар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
5. «Талғар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.