
Қайнар ауылдық округі бойынша 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар:
-28 көшеге асфальт және 9 көшеге тас-құм төселінді.
- Жалқамыс, Көктал ауылдарында көпірдің құрылысы жүргізілуде. Аяқталуы жыл соңына дейін.
-46 км көшеге 1411 жарық бағаналары қойылды, жыл соңына дейін 150 бағана орнатылады.
-10 аялдама Дәулет, Жаңалық, Жалқамыс, Еламан, Тереңқара ауылдарына қойылды, қосымша 13 аялдамаға қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алуға хабарландыру берілді.
-Жаңалық ауылындағы Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш аумағына 1156 ағаш егілді (шырша, туя, аққайың, қара ағаш, клён). Еламан ауылындағы орталық стадион аумағына 700 түп клён ағашы егілді. Алдағы уақытта 840 қара ағаш Жалқамыс ауылы аумағына егіледі.