Аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлының төрағалығымен Талғар ауданының әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті
Аудан әкімдігіне және полиция басқармасына келіп түскен 5 іс қаралды. Комиссия қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар беріп, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.