28 қыркүйек күні сағат 17:58-де Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық округі, 5-саяжай, Шакенов көшесіндегі тұрғын үйде бір отбасының 2-ересек және 2-жасар сәби баласы газ баллонның ақаулығына байланысты орын алған жарылыстан зардап шегіп, Талғар қаласының аудандық ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Сонымен қатар сағат 20:58-де осындай оқиға Кеңдала ауылдық округі,
8-саяжай, 4-үй учаскесінде бір отбасының 2-ересек, 4-кәмелетке толмаған балалары тұрғын үйде тамақ дайындайтын газ баллонның ақаулығынан жарылыс орын алып, зардап шеккендерге Талғар ауданының орталық ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Оқиға орнына және ауруханаға Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы және әкім орынбасары Оразхан Өмірханұлы барып, зардап шеккендердің жағдайын біліп, туған - туысқандарымен кездесіп, орын алған оқиға бойынша әкімдік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.