ТЖ режимінің Әрекеті тоқтатылды, бірақ карантин жалғасуда, бұл нені білдіреді?

ТЖ режимінің Әрекеті тоқтатылды, бірақ карантин жалғасуда, бұл нені білдіреді?

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин сақталады. Ол дегеніміз:

Бүкіл ауданаралық және Алматы қаласымен іргелес тұрған блокпосттар өз жұмысын жалғастырады.

Алматыға тек қалада жұмыс істеуге рұқсат алған қызметкерлер ғана өте алады. Ол үшін жұмыс беруші өз қызметкерлерін Infoalmaty.kz сайтына тіркеуі қажет. Жұмыскерлердің қолында жұмыс орнын растайтын құжаттары болуы тиіс.

Сонымен бірге 13 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) өз жұмысын бастайды - 8:00-ден 17:00-ге дейін.

Әлі де дін нысандарының, кинотеатрлар мен компьютерлік клубтардың, қоғамдық тамақтану орындарының (тек онлайн түрде), монша, спа, массаж салондарының, балабақшалардың, букмекерлік және караоке клубтардың, спорт обьектілерінің (фитнес, бассейн, тағы басқа), көлемі 500 кв метрдан асатын сауда үйлерінің және базарлардың (тек құрылыс базарларынан басқа) жұмысына шектеулер қойылған.

Азық-түлік емес дүкендер өз жұмысын сағ 17:00-ге дейін, ал азық-түлік дүкендері бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады.

Саябақтар мен алаңдарда үш адамнан көп емес жағдайда серуендеуге рұқсат.

Дене шынықтыру мен жаттықтыру шараларын ашық ауада өткізуге рұқсат.