
Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлері бір қатар кең ауқымды іс-шаралар өткізді. Жазғы демалыс аяқталуда, көптеген ата-аналар балаларының күнделікті өмірін жарықтандыру үшін, жазғы сауықтыру лагерьлеріне балаларын жібереді. Жаңа ерекше жағдайда, лагерь жұмысшыларының және тәлімгерлердің бақылауымен, балалар жаңа өмірлік тәжірибе алып дағдыларын арттырады. Талғар ауданының ТЖБ Қызыл Жарты-Ай қызметкерлерін тартумен, балаларды азаматтық қорғау саласында оқыту мақсатымен, «Тау Самал» жазғы балалар сауықтыру лагерінде «Балалар өрттерге қарсы» акция өткізді, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы айтылды, балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша, табиғатта және шомылу маусымында демалу уақыты, балалардың отпен ойнауы, жаппай және түнгі объектілерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу тақырыбтарда дәрістер-әңгімелер өткізілді, сонымен қатар, өрт кезінде және бірінші көмек көрсету туралы нұсқаулық өткізілді азаматтық қорғау саласындағы көрнекі құралдар таратылды. Балалар азаматтық қорғау органдарының жұмысына қызығушылық танытты, үлкен жасөспірімдер үшін М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясяна оқуға түсу ұсынылды.
Алматы облысының ТЖД Баспасөз қызметі