20.07.2023ж. Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбековтің төрағалығымен ауданды газдандыру және алда өтетін жылыту маусымына дайындық барысы бойынша жиын өтті.

20.07.2023ж. Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбековтің төрағалығымен ауданды газдандыру және алда өтетін жылыту маусымына дайындық барысы бойынша жиын өтті.

Жиынға аудандық прокуратураның бас прокуроры Ескендір Қабылұлы Бекманов, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а. Айбек Ақылбекұлы Ақылжанов, , “ЖетісуОблГаз” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын өкілдері, газбен жабдықтау саласындағы инвесторлар мен мердігер ұйымдар, сондай-ақ аудандық қызметтер мен коммуналдық кәсіпорындар өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе көтерілді:
🔹 Ауданды газдандыру мәселесі;
🔹 Газ жүйесіне қосылу бағасының қымбаттығы;
🔹 Бюджеттік нысандарын жылыту маусымына дайындығы.