023 жылдың 3 шілдесінде Талғар ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов келді

023 жылдың 3 шілдесінде Талғар ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов келді

Сенат депутатын Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков қарсы алды.
Талғар ауданына сапар барысында Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" тау шаңғысы курорты сапардың алғашқы нысаны болды.

Халық қалаулысының жұмыс сапары бағдарламасына: "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" тау шаңғысы курорты, Талғар қаласының № 8 балабақшасы, "Green Eco" ЖШС жылыжай кешені кірді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов барған келесі нысан - Талғар қаласының № 8 балабақшасы болды. Бұл балабақша 1964 жылы салынған, қазіргі уақытта 136 бала тәрбиеленіп, 18 тәрбиеші жұмыс істейді. Балабақша меңгерушісі Еркін Нұржігіт делегацияға нысанның қазіргі жағдайын көрсетті, ғимарат жақсы жағдайда сақталған, бірақ жөндеуді қажет етеді, өйткені 1964 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жоба 2021 жылы дайындалып, қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. 

"Green Eco" ЖШС жылыжай кешеніне барған кезде жылыжайдың бас директоры Роман Шнайдерман шолу экскурсиясын өткізді. Жылыжай Панфилов ауылында орналасқан және өз өніміне 1,3 гектар аумақты алып жатыр.
Директордың айтуынша, жылыжай екі бағытта жұмыс істейді: салатқа арналған өнім өсіру және сәндік бұталарды өнеркәсіптік өсіру, екі бөліктен тұрады – өсіру аймағы және қызмет көрсету аймағы.

Сапар қорытындысы бойынша халық қалаулысы Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбековқа өңірдегі салалар оң қарқынымен дамып жатқанын атап өтті.