Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков осы демалыс күндері Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын-Дан, Шымбұлақ ауылдарын және "Березка" саяжайын Талғар топтық су құбырына қосу жұмыстары барысын тексерді.

Осы жоба бойынша айта кетсек:
🔰 желілер ұзындығы-54,1 км;
🔰 мердігер – «Мелиоратор» ЖШС;
🔰 аяқталу мерзімі 2023 жылдың қараша айы.

Осы жобаларды іске асыру кезінде әртүрлі диаметрлі құбырларды монтаждау үшін жер асты жұмыстары жүргізілетін болады. Тиісінше, су құбыры жүйесін ауыстыру жөніндегі жобаларды іске асырғаннан кейін жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда.